Өскемендегі №6 орта мектептің жоғары сынып оқушылары ата-аналарының жиналысында ШҚМУ АӘД кафедрасының оқытушысы Д. Байдрахманов әскери кафедрада оқу мүмкіндігі туралы ақпарат берді.
Мұнымен қоса, ол ҰБТ өткізудің жаңа талаптары және «Алғашқы әскери дайындық» мамандығына түсу тәртібі жөнінде айтты.
Оқытушының баяндамасына қызығушылық танытқан ата-аналар мен оқушылар сұрақтар қойып, оларға тұщымды жауаптар алды.
Баспасөз қызметі