С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың №1 оқу ғимаратында Өскемен мектептерінің 11 сынып оқушыларымен сынақтық тест алдынды.
Бұдан соң АӘД кафедрасының аға оқытушысы Б. Туғанбаев оқушыларға кәсіби бағдар берді. Ол бакалавриаттың мамандықтары, оқуға түсуге қажет пәндер туралы айтты.
Оқушыларға 2020 жылғы ҰБТ тапсыру кестесі, керекті құжаттар тізімі көрсетіліп, оқуға түсу шарттары түсіндірілді.
Жастар қызығушылық танытып, сұрақтар қойды.
Кездесу соңында оқушыларға буклеттер мен көрнекі материалдар таратылды.
Баспасөз қызметі