Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ оқытушысы өз электронды оқулықтарының қашықтан оқытуда қолданылуын көрсетті

Оқыту вебинары барысында қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының доценті А.Ә.Әлімхан әріптестеріне өзінің «Шығыс Қазақстанның ономастикалық кеңістігі», «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы» электронды оқулықтары мысалында оларды қашықтан оқыту үрдісінде қалай қолдану керектігін көрсетті.

Электронды оқулықтар мүмкіндіктерінің көрсетілімі С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дағы «Тілдік пәндер бойынша қашықтан оқытуды ұйымдастыру» (шет тілдері және аударма ісі, сонымен қатар қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедралары оқытушыларының жұмыс тәжірибесінен) тақырыбындағы оқыту вебинарында өткізілді.

«Қазақ жазуы және латын графикасы» орталығының жетекшісі Айгүл Әсетқызы «Қазақ тілін қашықтықтан оқытудың тиімді жолдары» баяндамасында өз оқулықтары мысалында қашықтан оқытуда электронды оқулықтарды қолдану мамандықты терең меңгеруге, ғылыми-теориялық білімді және педагогикалық шеберлікті дамытуға септесетінін көрсетті.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo