- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
ШҚМУ мен Оңтүстік Қазақстан облысы балалар және жастар ісі жөніндегі басқармасы ынтымақтастық туралы шарт жасасты.
Шартқа басқарма басшысы Балмаржан Нарбекова мен ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген қол қойды. Тараптар кадр даярлау және оларды одан әрі жұмысқа орналастыру бойынша серіктестік орнату жөнінде уағадаласты.
Сондай-ақ, шарт тармақтарынак сәйкес ШҚМУ ОҚО білім мекемелерінде базалық тірек мектептерін, кафедра филиалдарын құра алады, ал басқарма ОҚО-дағы бос жұмыс орындары туралы ШҚМУ-ды ақпараттандырып отырмақ.
Баспасөз қызметі