- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
19 наурызда университет өкілдері Өскемен медициналық колледжінде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Бітіруші курстың студенттеріне университет туралы, ҚР жоғары оқу орындарына қабылдау тәртібі және ТКТ-ның өткізілу тәртібі туралы мәлімет берді. Кәсіптік бағдар бойынша мамандар бейнероликтерді ұсынды және жаңа мамандықтардың ашылуы туралы ақпарат берді.
Іс-шара студенттер үшін өте қызықты өтті. Оларды қызықтырған сұрақтарға кәсіби кеңесшілер толық жауап берді.
Балаларға университет жайында ақпараттық парақшалар (брошюралар) таратылды.
Кездесуге шамамен 70 колледж түлектері қатысты.
Маркетинг және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығы