Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ «Өз еліңді таныт» жобасын қолға алды

Жуырда Күршім ауданы Боран ауылында «Халық мұғалімі, жаңашыл-ұстаз Құмаш Нұрғалиевтің педагогикалық мұрасы» облыстық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтті.

«Шығыс» өңірлік орталығы мен Күршім аудандық білім бөлімі ұйымдастырған шараға облыс мұғалімдері жиналды. Жиында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Экономика және басқару кафедрасының доценті  Г. Қойшинова Елбасы Жолдауындағы «Өз еліңді таныт» – туризм саласын дамыту мәселесі бойынша аудан ұстаздарына ұсыныс жасап, болашақта Боран мектебімен бірлесе жұмыс жасайтындығын айтты. Себебі атамыздың ауылы, мектебі ешқашан ұмытылмауы керек.

– Мектептегі мұражай әр адамға жігер, рух береді. Жаңа маршрут жобасының авторы ретінде ШҚМУ Балтық мемлекеттерімен байланысып, атамыздың соғысқан жерін де маршрутқа қоспақ, – деген ол экскурсоводттарға орыс, қазақ, ағылшын тілінде мәлімдеме жинауды ұсынды.

Экономика және құқық  факультеті

Қазақ
× You found a Typo