Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ пікірсайысшылары жеңімпаз атанды

Достық үйі-қоғамдық келісім орталығында «Этносаралық қарым-қатынастарды және әлеуметтік келісімді нығайтудағы БАҚ-тың рөлі» тақырыбында пікірсайыс турнирі өтті.

Сайысқа қатысушылар Карл Поппер форматында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде «Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған (бағытталмаған)» тақырыбының аясында дебат ойнаған еді.

Аталған турнирге С. Аманжолов атындағы  ШҚМУ және Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың студенттерінен құралған топтар қатысқан болатын. Ал университетіміздің атынан «Ділмар» дебат клубының пікірсайысшылары: Еркебұлан Бауыржанұлы («Аударма ісі» мамандығы, 2 курс), Әділ Манапбай («Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы, 1 курс), Гүлжан Естаева («Журналистика» мамандығы, 2 курс) өнер көрсетті.

Турнир нәтижесінде ШҚМУ командасы жеңіске жетіп, арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік сұрақтар бөлім

Қазақ

Tags:

× You found a Typo