С. Аманжолов атындағы ШҚМУ профессоры А. Алексеенко Алтай мемлекеттік университетінде (Ресей) «Орталық және Шығыс Азядағы этнодемографиялық үрдістер» дәрісін оқыды.
– Александр Николаевич дәрістерінде азиялық елдердегі демографиялық үрдістерге сараптама жасайды. ШҚМУ-мен келісім бойынша оқу орнының оқытушылары бізде дәрістер оқып тұрады. Мәселен профессор Алексеенко бізге осымен үшінші рет келіп тұр, – дейді АлтМУ-дың «Қазақстандық жол және Н. Назарбаев» құрмет кафедрасының меңгерушісі Юлия Лысенко.
Дәрісті тыңдағандар ішінде өлкетанушы магистранттар, сондай-ақ 4 қытайлық университеттің білім алушылары да бар.
Баспасөз қызметі