Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ профессоры Марат Мағзұмов Абай тақырыбында ашық дәріс берді

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Рухани жаңғыру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры Марат Мағзұмов Абайдың 175 жылдығына орай «Абайдың ел басқару ісіндегі және заң шығару бойынша қызметі» атты ашық дәріс берді.

Абайдың 175 жылдығына орай білім ордасының оқытушылары мен студенттеріне ашық дәріс беру дәстүрге айналды. Алғашқы ашық дәрісті ректор, профессор Мұхтар Төлеген бастады. Дәрістің керемет әсерлі болғаны бұл істі жалғастыруға себепші болды.

М. Мағзұмов Абайдың білім алған кезінен бастап, өзін-өзі дамытқаны, тұлға ретінде қалыптасуы, биліктегі дана Абайдың орны мен рөлі, өзіндік ерекшелігі туралы мағлұматтармен бөлісті. Оқытушылар да, студенттер де көп тың мәліметтер алды. Сабақ Абайдың «Сегіз аяқ» әнімен аяқталды.

Рухани жаңғыру және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo