Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ профессоры материалды бекітуге арналған электронды оқу құралын әзірледі

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ профессоры Е.Қ.Уанбаев психология, педагогика және мәдениет факультетінің әдістемелік апталығы аясында «Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі. ҒЗЖ ұйымдастыру» пәнінен онлайн ашық дәріс өткізді.

Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасы профессорының сабағы «Дене шынықтыру және спорт», «Сауықтыру дене мәдениеті» білім беру бағдарламаларының 1-курс студенттеріне арналды.

Сабақта электрондық-ақпараттық байланыс құралдары, слайд-презентациялар, академик М. Норбековтің жаттығуларды орындау видеосы, электрондық оқулық, оқу кітаптары, тест сұрақтары, фотосуреттер, кестелер кең қолданылды.

Өткен сабақ материалдары сұрақ-жауап түрінде қайталанып, еске түсірілді. Жаңа тақырып презентация, жаттығуды орындау видеосын, бейнедәрісті көрсету түрінде орындалды. Экранда мектеп оқушыларымен сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру шаралары бейнедәріс, презентация, құжат үлгілері, жаттығу түрінде көрсетілді.

Дәріс Е. Уанбаевтың авторлық электрондық оқу құралындағы тестерді шешу түрінде бекітілді. Үй тапсырмасы арнайы кешенді жаттығулар көрсету түрінде орындалды. Сабақ қорытындыланып, белсенді студенттер анықталды.

Ашық оnline-дәріс сабағы жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде өтті.

Дәрісті университеттің білім беру бағдарламаларын әдістемелік қолдау бөлімінің басшысы, басқа факультет өкілдері, кафедра оқытушылары мен студенттері тыңдады.

Білім беру бағдарламаларын әдістемелік қолдау бөлімі

Қазақ
× You found a Typo