Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ профессоры мен магистрінің монографиясы жарық көрді

Жуырда профессор Ф.Р. Ахметжанова мен оның шәкірті ғылым магистрі Г.Т.Садуакасованың «Ұлан өңірі топонимиясы»  атты монографиясы жарық көрді.

Монографияда «Шығыс Қазақстан  жер-су  атауларының зерттелуі», «Шығыс Қаазақстан облысы Ұлан ауданының қалыптасуы және ол туралы әлеуметтік-тарихи деректер»,  «Шығыс Қазақстан Ұлан өңіріндегі жер-су атауларының сөзжасамдық сипаты» және «Ұлан өңірі топонимиясының лингвомәдениеттанымдық табиғаты» атты тараулар жүйелі түрде мол тілдік деректер негізінде зерттелген.

 Еңбекте бірталай жаңа ақпарат бүгінгі күннің талабына сай әрі ғылыми- теориялық,  әрі тәлім-тәрбиелік тұрғыдан дәлелді де анық, айқын, сауатты баяндалған.

 Зерттеу жоғары оқу орындары филология факультетінің студенттеріне, магистранттарына, отансүйгіш, елжанды азаматтарға,  қасиетті ана тілімізді қастерлейтін оқырмандарға арналған.

Монографияның редакторы Қазақстан Республикасы  гуманитарлық ғылымдар Академиясының академигі,  филология ғылымдарының докторы,  профессор А.С. Аманжолов.

Пікір жазғандар:

Ережепова С.Қ. -  филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Әлімхан А.Ә.  – филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Рахымбаева Г.К. – филология ғылымдарының кандидаты, доцент.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo