Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ профессоры «Нұр Орда» мектеп-лицейінің оқушыларына дәріс оқыды

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының профессоры Л.И. Абдуллина Пушкин атындағы облыстық кітапханада орыс тілі мен әдебиеті апталығы аясында Олжас Сүлейменов пен Шыңғыс Айтматовтың шығармашылықтары туралы дәріс оқыды.

Дәріс «Нұр Орда» мектеп-лицейінің оқушылары үшін оқылды.

– Люция Ильдаровна Абдуллина екі жазушы өмірбаяндарының ұқсастығын атап, екеуінің дос болғанын айтты. Жылдар өте олардың дипломатиялық лауазымдар иеленіп, ресми саясат пен жеке азаматтық ұстанымдарын үйлестіре алғанын әңгімеледі, – дейді кітапханашылар.

Дәрістен соң оқушылар профессорға сұрақтар қойды.

Іс-шара аясында биыл мерейтойы аталатын орыс жазушылары туындыларының көрмесі өтті: А. Чеховтың 160 жылдығы, А. Грибоедовтың 225 жылдығы, сондай-ақ биыл А. Пушкиннің «Руслан мен Людмиласына» 200, «Белкин повестері» мен «Кішкентай трагедияларына» 190 жыл толып отыр.

Баспасөз қызметі

Суреттер  http://www.pushkinlibrary.kz/kz/2521-ikh-svela-lyubov-k-literature.html

Қазақ
× You found a Typo