- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Экономика және басқару кафедрасының профессоры Александр Александрович Кайгородцев Ресейдің Сочи қаласында 1-4 қазан аралығында өткен Ресей Жаратылыстану Академиясының күзгі сессиясының жұмысына қатысты.
Сессия шеңберінде ұйымдастырылған «Жоғары оқу орнындағы ғылымның даму болашағы» атты халықаралық ғылыми тәжірибелік конференцияда А.А.Кайгородцев «Инновациялық саладағы мемлекеттік – жеке меншік әріптестік» тақырыбындағы баяндамасын оқыды. Оқыған баяндамасы мақала түрінде Ресей Федерациясының Жоғары Аттестациялық комиссиясының тізіміне кіретін «Фундаменталды зерттеулер» журналында басып шығарылады.
Профессор Александр Александрович Кайгородцев «Отандық ғылымның алтын қоры» атты XXXIV Халықаралық оқу – әдістемелік құралдар презентация – көрмесіне «Мировая экономика и международные экономические отношения» оқу құралын ұсынды және осы оқу құралына Ресей Жаратылыстану Академиясының оқу әдістемелік кеңесінің грифін алды. Профессор А.А.Кайгородцев көрме лауреаты дипломымен марапатталды.
Сонымен қатар, Александр Александрович Кайгородцев Халық шаруашылығының жетістіктері көрмесіндегі XXX Мәскеу Халықаралық көрме – жәрмеңкесінің алтын медалімен және қатысушы дипломының иегері болды.
Бұл XXX Мәскеу Халықаралық көрме – жәрмеңкесіне «Инновациялық менеджмент» атты оқу құралын ұсынды.
Экономика және басқару кафедрасы