Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ профессоры республикалық мұғалімдер байқауы қазылар алқасының төрайымы атанды

17 қазанында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «SMART-педагог Өрлеу: кәсіби табысқа апарар жол» атты мектеп мұғалімдеріне және колледж оқытушыларына арналған республикалық конкурстың облыстық  III кезеңін өткізді.

Шараның бірінші кезеңіне (аудандық/қалалық) облыстың 17 педагогі қатысты.  

Олардың ішінен байқаудың II кезеңіне  (қашықтықтан) 7 педагог сәтті өтті. Олар Microsoft компаниясының білім порталында міндетті, тегін қашықтықтан оқудан өтті және де Республикалық байқаудың облыстық ІІІ кезеңіне өту үшін 1000-нан аса балл жинады.

Облыстық 3-ші кезеңде Аймақтық ұйымдастыру комитеті мүшелерінің алдында педагогтер жұмыстарын қорғады: төрағасы - Завалко Н.А., С.Аманжолов атындағы ШҚМУ профессоры, педагогика ғылымдарының докторы.

Республикалық конкурстың облыстық III кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды: 1-орын – Пак В.С. (директордың ЭТЖ жөніндегі орынбасары, «№2 жалпы білім беру мектебі», Өскемен қаласы);  2-орын – Глотова Т.С. (мектеп директоры, математика және информатика мұғалімі, «№1 мектеп-лицей», Риддер қаласы), Буланова А.В. (физика мұғалімі, «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей», Өскемен қаласы);  3-орын – Нурпеисова Б.Б. (химия мұғалімі, «Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия», Семей қаласы), Арзамасова И.Б. (орыс тілі және әдебиеті мұғалімі, «№1 Жезкент мектебі», Бородулиха ауданы).

23-24 қарашасында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты базасында өтетін республикалық кезеңдежеңімпазымыз Пак В.С. жүлделі орынды иеленіп қайтуына сәттілік тілейміз!

Педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo