Шет тілі және аударма ісі кафедрасының қауымдастырылған профессоры И.Ю. Ларионова оқыту семинары барысында екінші шет тілі бойынша онлайн-сабақтардағы CLIL технологиясын (қашықтан оқыту жағдайында) ұсынды.
Ирина Юрьевна «Шет тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасы бойынша қашықтан оқытуға арналған мүмкіндіктерді көрсетті.
Қашықтан оқыту технологиялары қатарында ізденушілік оқыту (Inquiry Based Learning), коллаборативті оқыту (Collaborative Learning), креативті және сындарлы ойлауды дамыту технологиялары (Creative and Critical Thinking) бар.
Профессордың «Ағылшын тілін қашықтан оқытуда CLIL әдістемесін қолдану» тақырыбы оның негізгі ғылыми-әдістемелік зерттеуі болып табылады. Бірнеше жыл ғалым осы әдістемесін табысты енгізуде және сұранысқа ие аталмыш тақырып оның ғылыми жарияланымдарында көрініс тапты.
Баспасөз қызметі