ШҚО-да балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту мақсатында «Менің Отаным – Қазақстан» атты туристік экспедициялық жасақтардың облыстық слеті өткізілді.
Слет «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында ұйымдастырылған.
«Дарын» орталығы хабарлағандай, мектептік іріктеу кезеңіне 43500 оқушы тартылған (7-10 сыныптар). Аудандық/қалалық кезеңге 16200 бала қатысқан. Облыстық кезеңге 200 оқушы өткен.
Облыстық кезеңде дәрістер, шеберлік сыныптары, практикалық сабақтар, конкурстар өткен. Сондай-ақ, мәдени-тарихи жерлерге экспедициялар ұйымдастырылыпты.
ШҚМУ профессоры Надежда Завалко осы слеттің қазылар алқасына мүше болды.
Жеңімпаздар республиканском слетке қатыспақ.
Баспасөз қызметі
https://www.shygysdaryn.kz/blogs/view/2/1201