Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ психолог студенттеріне Ресей профессорының арнайы дәрісі өтті

25 ақпанында «Мәңгілік ел» ҒБО-да психология және түзетпелі педагогика кафедрасының студенттеріне Психология ғылымдарының Халықаралық Академиясының президенті, п.ғ.д., профессор, П.Г. Демидов атындағы ЯрМУ-нің (Ресей) әлеуметтік және саяси психология кафедрасының меңгерушісі Владимир Васильевичтің Козлов қатысуымен «Интегративті транс-аймақтық психологиясы» атты онлайн дәріс жүргізілді. Дәріс қызықты және жоғарғы деңгейде өтті.

Студенттер сұрақтарын қойып, профессордың дәрістер курсын біздің университетке келіп оқуына ниеттерін білдірді. Профессор Козлов сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша желтоқсан айында біздің университетке келеді.

Айта кетсе, профессор Козлов ықпалдасты психологияның негізін қалаушы болып табылады. Әлеуметтік психология, кризисология, сана-сезім психологиясы, тұлғалық психология, шығармашылық психология, әдістемелік психология аясында мамандандырылған.

Владимир Васильевичтің ғылыми жетекшілігімен 97 кандидаттық және 15 докторлық диссертациялар қоғалынды. 600-ден астам ғылыми басылымдардың, 80-ге жуық монографиялардың авторы болып табылады.

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі,  

психология және түзетпелі педагогика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo