Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ ректоратының кезекті отырысы өтті

28 мамырда С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоратының кезекті отырысы өтті, онда ЖОО кадрлық саясаты, түлектерді жұмыспен қамту, университеттің тәрбие және шаруашылық қызметі мәселелері қаралды.

Стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Г. Сералин «Халықаралық академиялық кеңістікке интеграциялану жағдайындағы ЖОО-ның кадрлық саясаты туралы» ақпарат берді. Ол ЖОО кадрлық саясатының жаңа сапасын үш нарық – білім нарығы, қызмет нарығы және еңбек нарығы анықтайтынын атап өтті. Алайда, біздің оқытушылар әзірге халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетсіз және сапалық тұрғыда тиісті мөлшерде жаңармай келеді. Кадрлық жұмыстың маңызына тоқталған ол бірнеше ұсыныс білдірді, олар ректорат шешімінде көрініс тапты.

Академиялық саясат және білім беру бағдарламаларын басқару департаментінің директоры И. Стеблецова түлектерді жұмыспен қамту бойынша ақпарат берді. Оның айтуынша, мемлекеттік білім грантына ие 52 студент, ауылдық квота бойынша оқып жатқан 15 студент, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» жобасы аясында оқып жатқан 134 студент жолдама алуы тиіс. Бакалавриат түлектерінің алдын ала жұмыспен қамтылуы 97,7 пайызды, мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуларын аяқтағалы отырған педагог магистранттардың алдын ала жұмыспен қамтылуы 91 пайызды құрауда.

Студенттер үйлерінде тұратын студенттерді университет пен қаланың қоғамдық өміріне тарту туралы тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімінің басшысы Р. Әбдірасулин айтып берді. Бөлім жыл бойы Студенттер үйлерінде түрлі шаралар ұйымдастырған. Айталық, мерекелерге, айтулы күндерге арналған шығармашылық іс-шаралар, кездесулер, акциялар, сайыстар. Олар бейресми сипатта және студенттер үшін қызықты етіп өткізіледі. Конкурстар материалдық тұрғыда қолдау тауып отырады. Мәселен, сайыстар жеңімпаздары құнды сыйлықтармен марапатталады. Баяндамашының айтуынша, Студенттер үйлерінде жағымды психологиялық жағдай туғызу аса маңызды. Ол үшін мәдени, спорттық іс-шаралары көптеп әрі сапалы өткізу қажет.

«Сібе» базасын және Панкратьев бағын студенттер практикасын ұйымдастыруға дайындау туралы шаруашылық департаментінің директоры Е. Қалиев баяндады.

Мұнымен қоса, университет ректоры Мұхтар Төлеген лауазымды тұлғаларға Астананың мерейтойына арналған іс-шараларды өткізу, түлектерге диплом тапсыру, қабылдау науқанын ұйымдастыру және өзге де мәселелер туралы тиісті тапсырмалар берді.

 

 

Қазақ
× You found a Typo