Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ ректоратының онлайн-режимдегі отырысы өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Ә. Төлегеннің төрағалығымен өткен ректораттың онлайн-режимдегі отырысында білім және ғылым вице-министрінің қашықтан оқыту мәселелері бойынша өткен бейнебайланыста берген тапсырмалары айтылды, сонымен қатар бес мәселе қаралды.

Университет ректоры 8-ші және 10-шы сәуірде білім және ғылым вице-министрі М. Дуленовпен қашықтан оқыту мәселелері бойынша өткен бейнебайланыста берілген тапсырмаларды мәлімдеді.

Олардың қатарында – мектеп оқушылары арасында кәсіби бағдар беру жұмыстарын цифрлық технологиялар арқылы күшейту, қорытынды бақылау мен аттестация өткізу прокорингін қамту мәселесін пысықтау, Ғылым апталығын мерекелеу іс-шараларын онлайн-қосылу арқылы өткізу, ЖОО оқытушылары мен ғалымдары ғылыми еңбектерін халықаралық, республикалық ғылыми журналдарда жариялау жұмысын ширату.

Сондай-ақ, оқытушылармен әдістемелік вебинарлар өткізу, әлеуметтік әлжуаз және отбасы ТЖ-да табысынан айырылған білім алушыларды қаржылай қолдау (оқу ақысын бөліп төлеу, кейінге шегеру, жеңілдік ұсыну) мәселесін пысықтау ұсынылды.

Мұнымен қоса, проректорлармен, декандармен, кафедра меңгерушілерімен, оқытушылармен бейнеконференцияда вице-министр тарапынан берілген ұсыныс-тапсырмаларды түсіндіру мақсатында онлайн-кеңестер өткізілетін болады.

ШҚМУ-дағы инклюзивті білім беруді дамыту туралы инклюзивті білім беру бойынша үйлестіруші Ж. Смаилова ақпарат берді.

2019-2020 оқу жылға арналған шетелдік студенттерді ШҚМУ-дағы оқу жағдайларына бейімдеу бағдарламасының іске асырылуы туралы халықаралық ынтымақтастық және шетелдік студенттерді тарту бөлімінің басшысы Е. Мүбәрактың ақпараты тыңдалды.

Шаруашылық департаментінің директоры Е. Балапанов «Сібе» ОҒТБ және «Г. Вистенниус-Д.Панкратьев атындағы оқу далалық іс-тәжірибе орталығы» бағының университет студенттерінің далалық іс-тәжірибеден өтуіне әзірлігі туралы хабарлады.

Университеттегі тәрбие жұмысын онлайн-режимде ұйымдастыру туралы тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімінің басшысы Р. Абдрасулин, университеттегі кәсіби бағдарлау жұмысын онлайн-режимде өткізу туралы маркетинг, мансап және еңбекпен қамту орталығының жетекшісі Ж. Болатова, биология кафедрасының меңгерушісі А. Кітапбаева, ШҚМУ жанындағы БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы филиалының жетекшісі Д. Мейірғазина ақпарат берді.

Барлық мәселелер бойынша шешім қабылданды.

Баспасөз қызметі

 

Қазақ
× You found a Typo