- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
«Алтай» волейбол құрамасының 7 спортшысы жергілікті бюджет есебінен бөлінетін білім беру грантын алуға байқауға қатысу үшін ШҚМУ-ға («Сауықтыру дене шынықтыру мәдениеті» білім беру бағдарламасы) өтінім берді.
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Ә. Төлеген құрама ойыншыларымен кездесті. Кездесу барысында ол білім ордасында оқу шарттары туралы айтып берді, ал кездесу соңында оларға республикалық және халықаралық жарыстарда сәттілік тіледі.
Естеріңізге сала кетейік, ШҚО әкімі Д.К. Ахметовтың қолдауымен талантты жастар, соның ішінде спортшылар жергілікті бюджет есебінен жоғары білім алу мүмкіндігіне ие болады.
Баспасөз қызметі