Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ ректоры ашық дәріс өткізді

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, профессор Мұхтар Әділбекұлы Төлеген «Рухани жаңғыру: Жастар жылы қорытындылары. Абай әлеміне қадам» тақырыбында ашық дәріс оқыды. Дәрісті тыңдауға университет студенттері, магистранттары, оқытушылары қатысты.

Ректор Жастар жылындағы жетістіктер, атқарылған шаралар туралы айтып, волонтерлер жылында жасалып жатқан игі істерге тоқталды. 

Абайдың мерейтойын мерекелеуді ШҚМУ ұжымы былтырдан белсене кіріскенін, Польшаның Свече қаласындағы Лингвистикалық-техникалық университетінде «Абай» ғылыми-білім беру орталығы ашылғанын атап өтті. 

Ректор Абай жылында жастарды ел игілігі үшін аянбай еңбек етуге шақырып, Абай өнегесін өмірлік бағдар ретінде ұстанулары қажет екенін оның философиялық көзқарасы арқылы дәлелдей жеткізді.

Дәріс соңы Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін зал болып қосыла шырқаумен аяқталды.

Суреттер https://cloud.mail.ru/public/2Tiy/54MSBKuPN 

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік сұрақтар бөлім

Қазақ
× You found a Typo