Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ ректоры БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізді

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Ә. Төлеген жергілікті және республикалық БАҚ өкілдерімен баспасөз конференциясын өткізді.

Кездесуге қатысқан БАҚ жетекшілері ішінде «Алтай» телеарнасының директоры Аида Жабағиева, «Шығыс ақпарат» ЖШС директоры, «Астана» телеарнасының меншікті тілшісі Ирина Якунина, облыстық «Рудный Алтай» газетінің бас редакторы Оксана Приведенная, облыстық «Дидар» газетінің редакторы Уәлихан Тоқпатаев, «Атамекен» телеарнасының директоры Алма Сембинова, «Регион» баспа үйінің директоры Евгений Черкашин, «7 дней» облыстық газетінің бас редакторы Вадим Обухов, облыстық «Flash» газетінің бас редакторы Денис Данилевский, «Алдаспан»  газетінің бас редакторы Аяулым Кеңесова, «Устинка плюс» газетінің бас редакторы Вера Кисленкова және т.б. болды.

Мұнымен қоса, кездесуге республикалық БАҚ-тардың меншікті тілшілері Олжас Керейхан («Хабар»), Виктор Вологодский («Казахстанская правда», «Караван») және басқалар, облыстағы баспасөз қызметтерінің өкілдері де болды. Барлығы баспасөз мәслихатына шамамен 30 журналист қатысты.

Іскерлік әңгіме барысында ШҚМУ-дың даму жолдары, оның ішінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан жобалар, ЖОО-ның латын графикасына көшуі, маман даярлау, мектеп түлектерінің өңірден тыс кетуі сынды көптеген басқа мәселелер қаралды.

Кездесу соңында ректор М.Ә. Төлеген ынтымақтастықты және серіктес қарым-қатынастарды дамытқандары үшін журналистерді алғыс хаттармен марапаттады.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo