Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ ректоры бірінші курс студенттерімен кездесті

Әкімшілік ғимаратының акт залында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген бірінші курс студенттерімен жүздесті.

– ШҚМУ елдегі 130 ЖОО-ның ішінде 6 орын алады. 66 жыл ішінде оқу орны Қазақстанның ең үздік университеттерінің бірі атанды. Облыс мектептеріндегі мұғалімдердің 90 пайызы – біздің түлектер, – деді өз сөзінде ректор.

Биыл білім ордасына 2600-ден астам студент түскен, оның 39-ы «Алтын белгі» иегері, 40-ы үздік аттестат иегері.

ЖОО-да шамамен 400 білікті оқытушы еңбек етеді, оның 17-сі – ғылым докторы, 100-ден астамы – ғылым кандидаты және докторант, 150-і – магистрант.

Жыл сайын университет екі мыңнан астам маман даярлап шығады. 4 факультетте 53 бакалавриат, 33 магистратура, 8 докторантура мамандығы бар. Биыл ШҚМУ-да 17 жаңа мамандық ашылды.

– Университетте «Назарбаевтану», «Алтайтану», «Рухани жаңғыру»,  «Зияткер» орталықтары, «PARASAT» студенттерге қызмет көрсету орталығы, «Алтай Жастары» телерадиостудиясы жұмыс істейді, – деді  М.Ә.Төлеген.

Кездесуде Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Марлен Әбубәкір, «Ділмар» дебат клубының үйлестірушілері Гүлжан Естаева мен Әділ Манапбай, «Шабыт» студенттік театрының актирсасы Інжу Ілиясова және өзге белсенді студенттер ЖОО туралы баяндады.

Соңында ректор студенттердің сауалдарына жауап берді.

– Мен – ашық адаммын. Бұл соңғы кездесуіміз емес, сауалдарыңыз болса «Ректор блогына» жазыңыздар. Есігім сіздер үшін әрдайым ашық, – деп түйіндеді Мұхтар Әділбекұлы.

Баспасөз қызметі

Фото https://cloud.mail.ru/public/6Z4E/CndhNTaep   

Қазақ
× You found a Typo