Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ ректоры бірінші курс студенттерімен кездесті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген жыл сайынғы дәстүрге сай 1 курс студенттерімен кездесті. Кездесу факультеттер бойынша екіге бөлініп, екі уақытта өтті.

– Биыл университетке 2260-тан астам студент оқуға түсті. Оның ішінде мемлекеттік грантпен 775, «Серпін» бағдарламасы аясында 200, облыс әкімі грантымен 134 студент қабылданды. Сондай-ақ, Ресейден 45, Моңғолиядан 101 және басқа мемлекеттерден студенттер білім алуда. ШҚМУ жастарын белсенді деуге толық негіз бар. Сіздерді үлкен өмірге қадам басуларыңызбен құттықтаймын! Университетімізге қош келдіңіздер! – деп жылы лебізін білдірген Мұхтар Әділбекұлы белсенді студенттерді марапаттады..

Кездесуде экстремизмге қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Рауан Тұрғанбаев жастарды қауіпсіздік шараларымен таныстырды.

Шара соңында студенттер Мұхтар Әділбекұлына көкейлерінде жүрген  сауалдарын қойды.

Фото https://cloud.mail.ru/public/Kfng/HEFFxP34q/9-%20Сентябрь/26.09.19%20встреча%20Ректора%20с%20первокурсниками/

Алтынай Бақытжан,

Гүлсезім Шайхынова,

журналистика мамандығының 4 курс студенттері

Қазақ
× You found a Typo