Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ ректоры бітіруші студенттермен онлайн-кездесу өткізді

ШҚМУ-да «2019-2020 оқу жылында 4-курс студенттерімен қорытынды аттестацияны өткізу және магистратураға түсуге арналған дайындық курсын ұйымдастыру» вебинары өтті.

Вебинарға ШҚМУ ректоры М.Төлеген, оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры Д. Ерболатұлы, кәсіби дайындық және біліктілікті арттыру ресурстық орталығының директоры Б. Келгембаева, құрылымдық бөлімдер жетекшілері, оқытушылар қатысты.

Университет ректоры кафедраларда іске асырылатын, талаптарға сай келетін, мазмұны жағынан бірегей магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша білім алуды жалғастырудың мән-маңызын атап өтті. Университетте сапалы ЖОО-дан кейінгі білім алуға қажет барлық жағдайлар жасалған, ғылыми-зерттеу және жеке тұлғаны жан-жақты дамыту іс-шаралары кешенді жүзеге асыралады.

Бакалавриат түлектеріне магистратураға түсу ережесі туралы, магистратураға түсуге арналған дайындық курстарының ұйымдастырылуы туралы ақпарат берілді. Қорытынды аттестацияны төтенше жағдайға байланысты қашықтан өткізу мәселелері талқыланды.

Түлектердің барлық сұрақтарына толыққанды жауап берілді.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo