ШҚМУ-дың тұңғыш ректоры, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың құрметті профессоры, химия ғылымының докторы, ҰҒА академигі Ережеп Әлқайырұлы Мәмбетқазиев атындағы оқу дәрісханасының ашылу қарсаңында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Ә. Төлеген жалпы химия кабинетінің салтанатты шараға әзірлігін тексерді.
Дәрісхананың ашылуы 12 қыркүйекте өтеді.
Маңызды оқиға бағдарламасында Е. Мәмбетқазиев еңбектерінің және С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ғылыми кітапханасы сирек кітаптар қорының көрмесін, сондай-ақ «Іргелі ғылыми зерттеулер: химия ғылымы мен біліміндегі инновациялар» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізу бар.
Іс-шараның өтетін уақыты және орны: 9.30, №1 оқу ғимараты, 30-шы Гвардиялық дивизия к., 34, 4 қабат.
Баспасөз қызметі