Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ ректоры экономика және құқық факультетінің ұжымымен кездесті

№9 оқу ғимаратында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Әділбекұлы Төлегеннің экономика және құқық факультетінің ұжымымен кездесуі болып өтті.

Университет басшысының факультет оқытушыларымен, ғалымдарымен және ардагерлерімен жүздесуінде ең алдымен экономика және құқық факультетінің өзекті даму мәселелері талқыланды.

Факультет деканы баяндамасында бірқатар мәселелер мен оларды шешу жолдары айтылды.

Ректорға материалдық-техникалық базаны жақсартуға, оқытушылардың академиялық ұтқырлығын қаржыландыруға, жас мамандарды докторантурада оқуға ынталандыруға қатысты сұрақтар қойылды.

Ректор алғашқы кезекте қолға алынатын міндеттерді атады, олар – талапкерлерді тарту науқанын қарқынды жүргізу, кадрлық саясаттытың тиімділігін арттыру, ғылыми-зерттеу қызмет пен оқытушылар белсенділігін көтеру.

Кездесу ашық әрі өзара сыйластық жағдайында өтті. Көтерліген бірқатар мәселелер бойынша кафедра меңгерушілеріне, декан мен проректорларға нақты тапсырмалар жүктелді.

,Экономика және құқық факультеті,

баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo