Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ ректоры ЭжҚФ оқытушыларымен кездесті

№9 оқу ғимаратында ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген Экономика және құқық факультетінің ұжымымен кездесті.

Факультет деканы Ардақ Ғабитқызы Мұхамедиева есептік баяндамасында жұмыс бағыттары, жоспарлар туралы айтты.

Факультет жаңа білім беру бағдарламаларын ашпақ, олар – «Менеджмент» – магистратура, «Заңтану» – PhD докторантура. Жоспарлар қатарында ағылшын тілін білетін оқытушылар санын ұлғайту, дуальды білім беруді ұйымдастыру, облыс мектептерінде «Құқықтық білім мектептерін» ашу, «Білім саласындағы медиация» жобасын әдістемелік қамту, туризм кабинетін ашу бар. Басым бағыттар ретінде талапкерлерді көбейту, кәсіптік бағдар беруді күшейту, мектеп оқушылары үшін ғылыми-танымдық мектептер ұйымдастыру танылып отыр.

4 кафедрада екі академик, бес ғылым докторы, 21 ғылым кандидат, үш докторант жұмыс істейді. Студенттер түрлі байқаулар мен спорттық сайыстарда ұдайы жүлделі орындар алып келеді. Білім сапасын арттыру, оқытушылар біліктілігін көтеру күн тәртібінен түспейтін басты мақсаттар болып қала бермек.

Жастар жылы аясында «Үлкенге құрмет, кішіге ізет!» қайырымдылық акциясын, «Менің Шығыс Қазақстаным» туристік жобалар байқауын, «Мен – елдің болашағымын» бейнероликтер сайысын өткізу көзделуде.  

Сондай-ақ, «Саналы ұрпақ» фронт-кеңсесінің базасында студенттер үшін тренингтер, семинарлар, олимпиадалар ұйымдастыру, республикалық жас заңгерлер форумын өткізу, «Жас заңгер», «Жас бизнесмен» клубтарын ашу жоспарланған.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo