Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ ректоры А. Герцен атындағы РМПУ-дан (Петербор қаласы) келген делегациямен кездесті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген А. Герцен атындағы РМПУ-ден (Петербор) келген  халықаралық ағартушылық экспедициясының 6 қатысушысымен кездесті.

Кездесуге Өскемендегі Ресей вице-консулы Н. Тищенко қатысты.

– Біз ресейлік оқу орындарымен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейміз, оның ішінде Ресейдің үздік 50 жоғары оқу орны құрамына енетін А. Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университетімен де келісім-шартымыз бар. Біз университеттеріңізге барып, әріптестікті нығайтамыз, студенттермен алмасамыз, – деді ШҚМУ ректоры.

Кездесуде РМПУ доценті В. Артамонова экспедиция туралы, ұсынып отырған ынтымақтастық формалары туралы айтты, оның ішінде жазғы мектептер, студенттік конференциялар да бар.

Тараптар естелік кітаптармен, альбомдармен алмасып, ортақ фотосуретке түсті.

Проректор И. Ровнякова қонақтарға «Рухани жаңғыру» конференц-залын, «Altai jastary» телестудиясын көрсетті. 

Экспедиця мүшелері облыстық Жамбыл атындағы гимназия-интернатта болып, лингвистикалық және әдеби ойындар өткізді. Облыстық балалар кітапханасында «Мәдениеттер диалогы: Петербор мен Өскемен поэзиясы» іс-шарасын, «Петербордың әдеби өмірі» таныстырылымын ұйымдастырды.

Еріктілер ШҚМУ-дың «Журналистика», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Аударма ісі» мамандықтарының студенттеріне «Заманауи ауызекі тіл. Интернет тілі» тақырыбында сабақтар өткізді.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo