Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ ректоры Камеруннан келген химия профессорымен кездесу өткізді

Камерун еліндегі Маруа университетінің профессоры, химик Дауэ Амадоу бір ай С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына органикалық және  аналитикалық химиядан дәріс оқитын болады. 

ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген мен Дауэ Амадоу кездесіп, пайдалы шикізатты алу, өсімдік шикізатына талдау жасау бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Қазан айы бойы Д. Амадоу студенттерге органикалық химия, ал магистранттар мен докторанттарға спектроскопия бойынша дәріс оқымақ. Сонымен қатар, ол практикалық сабақтар да өткізеді.

Өзінің алғашқы сабақтарын Амадоу мырза 12 қыркүйекте ашылған ШҚМУ-дың тұңғыш ректоры, академик Е. Мәмбетқазиев атындағы химия дәрісханасында жүргізе бастады.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo