Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ ректоры «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесінде баяндама жасады

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың біріншілік партиялық ұйымының төрағасы, университет ректоры Мұхтар Төлеген «Nur Otan» партиясының кеңейтілген Саяси кеңесінде баяндама жасады.

ШҚМУ ректоры баяндамасында университет партияның, Елбасы мен ҚР Президентінің білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша стратегиялық тапсырмаларын қолдайтынын айтты.

Университет сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелерін шешу мақсатында тиісті құрылымдармен тығыз байланыста.

 Өткен 2018-2019 оқу жылы ішінде университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг бірнеше рет өткізілді. Агенттік жүргізген сауалнаманың нәтижелері сұралған әртүрлі мамандықтардың 1-4 курс студенттері арасында сыбайлас жемқорлық көріністері анықталмайтынын көрсетті. Сонымен қатар, сауалнама білім алушылардың 93%-ы мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына сенім білдіретінін және 83% -ы қоғамдағы сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бойынша жұмысқа жеке үлес қосуға дайын екенін көрсетті.

Екі заң кафедрасы университеттің барлық мамандықтарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және парасаттылық негіздері», «Құқық негіздері» курстарын оқиды. «Құқықтану» мамандығының студенттері үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет негіздері» курсы тереңдетіліп оқытылады.

- Бүгінде оқу орнында қағазбастылықтан арылып, жемқорлыққа жол бермес үшін «PARASAT» студенттерге қолдау көрсету орталығы «бір терезе» принципі бойынша жұмыс жасайды. Қызмет көрсету электронды түрде жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, университетте «ADAL BILIM» жобалық кеңсесі жұмыс жасайды, - деді М. Төлеген.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo