Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ ректоры оқу орны атынан ШҚО әскери комиссариатын 80 жылдығымен құттықтады

Шығыс Қазақстанда облыстық әскери комиссариаттың 80 жылдық мерейтойы аталып өтті.

Салтанатты іс-шара «Ертіс концерт» ОМҮ-нің концерт залында өтті.

Мерекелік шараға облыстық мәсихат хатшысы В. Головатюк, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М. Төлеген, әскери бөлімдердің, ШҚО Ардагерлер одағының, ШҚО интернационалист-жауынгерлер одағының өкілдері және басқалар қатысты.

ШҚМУ ректоры Мұхтар Әділбекұлы Төлеген мерейтой иелеріне игі тілек жазылған құттықтау хатты, сондай-ақ  Алтай таулары бейнеленген картинаны табыс етті.

Естеріңізге салар болсақ, биыл ШҚМУ-да Қабанбай батыр атындағы әскери кафедра ашылған болатын. 2019-2020 оқу жылында кафедрада үш мамандық бойынша оқыту жүруде – «Аумақтық қорғанысты ұйымдастыру және жоспарлау», «Құрғақтағы әскерлерде тәрбиелік және идеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру», «Психологиялық жұмыстарды ұйымдастыру».

Сондай-ақ, университетте АӘД мұғалімдерін әзірлейтін алғашқы әскери дайындық кафедрасы бар.

Салтанаттың ресми бөлімі мерекелік концертке ұласты.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo