Еліміздің жоғары оқу орындары арасындағы 10-шы жазғы Универсиадаға аттанып бара жатқан ШҚМУ студенттері – волейболшылар мен тоғызқұмалақшылар университет ректорымен кездесті.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген оларға сәттілік пен жеңіс тілеп, Универсиадаға қатысуда барлық жағдайлар жасалатынын атап өтті.
Сайыстар маусымның 3-і мен 10-ы аралығында өтеді. Аталмыш сайыстардан соң ШҚМУ-дың 10-шы Универсиадаға қатысуы аяқталады
ШҚМУ спортшылары Универсиада бағдарламасындағы 38 спорт түрінің 15-іне қатысып шықты.
Баспасөз қызметі