Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ ректоры оқу орнының тұңғыш ректорына С. Аманжолов атындағы медальды табыс етті

ШҚМУ-да Ұлттық ғылым академиясының академигі, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың құрметті ректоры, профессор Ережеп Мәмбетқазиевке арналған «Іргелі ғылыми зерттеулер: химия ғылымы мен біліміндегі инновациялар» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Салтанатқа KAZ Minerals тобы қызметкерлерді басқару департаментінің директоры Paul Gahagan және KAZ Minerals компаниясының техникалық директоры Johan Barnard, сондай-ақ президенті Ережеп Мәмбетқазиев болып табылатын Қазақ-Америка еркін университетінің оқытушылары мен жетекшілері қатысты. 

– Салтанатты жиынымызға құрметті қонақтар, танымал ғалымдар, Ережеп Әлқайырұлы Мәмбетқазиевтің әріптестері, Өскемен қаласы мектептерінің мұғалімдері, өндірістік кәсіпорындар өкілдері, студенттер келіп отыр. Сондай-ақ, Ережеп Әлқайырұлын әйгілі педагог, үлкен ғалым, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің (ҚазМУ мен ҚарМУ-дан кейінгі елдегі үшінші университетті) тұңғыш ректоры әрі негізін қалаушы ретінде білетін университеттің еңбек ардагерлері қатысуда, – деп атап өтті С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген. – Университетіміздің қабырғасында Ережеп Әлқайырұлы шәкірттерінің, ізін жалғастырушыларының еңбек етіп жүргені біз үшін үлкен мақтаныш, олар өңіріміз үшін мамандарды табысты дайындауда. Ережеп Әлқайырұлының жетекшілігімен 30-дан астам ғылым докторы мен кандидаты әзірленді. Бұл – жастардың зияткерлік әлеуетін арттыруға Ережеп Әлқайырұлының қосқан елеулі үлесі.  

Е. Мәмбетқазиев – 700-ден астам ғылыми еңбек пен жарияланымның авторы, оның ішінде білім мен ғылымның өзекті мәселелеріне арналған монографиялар бар, олардың басым бөлігі АҚШ-та, Еуропа елдерінде, Ресейде, ҚХР-да, Моңғолияда қайта басылып шыққан.

Облыс пен қаланың жұртшылығы химия ғылымының докторы, профессор, академик Ережеп Әлқайырұлы Мәмбетқазиевті елдегі білім беру жүйесіне үлкен өзгерістер енгізген реформатор-ректор ретінде таниды, оның бастамасымен Тұңғыш Президент Н. Назарбаевтың «Болашақ» бағдарламасы арқылы зияткерлік элитаны дайындау қолға алынып, «бакалавр – магистр – Ph.D докторы» мамандарды үшдеңгейлі дайындау жүйесі енгізілді, Қазақстан Жоғары мектебінің ғылым академиясы құрылды.

Е. Мәмбетқазиев – елдегі тұңғыш халықаралық серіктестік жоғары оқу орнын – Қазақ-Америка еркін университетін құрған адам, білім ордасы Тұңғыш Президент Н. Назарбаевтың қатысуымен және АҚШ тарапының қолдауымен ашылды. Ұлағатты ұстаздың көптеген жаңашыл идеялары өз уақытынан бұрын іске асты.

Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетіне қосқан елеулі үлесі үшін Ғылыми кеңестің шешімімен ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген Ережеп Әлқайырұлына Сәрсен Аманжолов атындағы медальды табыс етті.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo