Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ ректоры онлайн режимінде студенттермен кездесті

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-да оқу орнының ректоры Мұхтар Әділбекұлы Төлегеннің онлайн режимдегі университет студенттерімен дәстүрлі кездесуі өтті, кездесуге 100 шақты студент қатысып, 24 сұрақ қойды.

 Университет ректоры Мұхтар Әділбекұлы Төлеген студенттерге ЖОО-ның қашықтан орқыту технологияларына көшуі жөнінде ақпарат берді.

– Қашықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы оқыту біздің оқу орнымызда ҚОТ арқылы іштей оқитын білім алушылар, магистранттар, докторанттар, Жоғары колледж білім алушылары үшін қашықтан оқыту порталы арқылы, іштей оқитын студенттер үшін eUniver білім беру порталы арқылы іске асырылады, – деп хабарлады Мұхтар Әділбекұлы Төлеген.

Ректордың айтуынша, дайындық бөлімінің білім алушылары үшін оқытудың кейстік технологиялары қолданылатын білім беру үрдісі электронды пошта арқылы іске асырылады.

Барлығы ЖОО бойынша ҚОТ қолданылатын оқыту 6893 білім алушыға (бакалавриатты, магистратураны, докторантураны, Жоғары колледж студенттерін, дайындық курстарында білім алушыларды есепке алғанда) қолжетімді. Оқыту кестеге сәйкес онлайн-дәрістер және онлайн-практикалық сабақтар түрінде ZOOM, Big blue button және өзге де платформалар арқылы жүргізілуде. ҚОТ қолданылатын оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша алгоритмдер мен нұсқаулар, «Сұрақ – жауап» анықтамалығы әзірленген. 

Порталдарда білім алушылармен «офлайн» режиміндегі (оқытушыларға хабарламалар жіберу арқылы, чаттар, форумдар), сонымен қатар «онлайн» режиміндегі (аудио және бейне конференциялар өткізуге арналған BigBlueButton, ZOOM платформаларыны қолдану арқылы) кері байланыс бар. Түрлі мессенджерлерде (Whatsapp, Telegram және басқалар) білім алушылармен топтық чаттар құрылған. Білім алушылардың сабақтарға қатысуын бақылау және есепке алу күн сайын оқытушылардың онлайн-сабақтар қорытындысы бойынша қатысудың электронды журналын толтырулары арқылы жүргізіледі. Тапсырманың орындалуы үшін бағалар ЖОО-ның автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (ААЖ) апта сайын енгізіледі.

Кездесуде студенттер тарапынан қашықтан оқытуға қатысты 24 сауал қойылды. Барлық сұрақтар мен олардың жауаптары ШҚМУ сайтына орналастырылатын болады. Ректорға тікелей эфир кезінде сұрақ қоюға үлгермегендер оларды мына электронды адреске жібере алады: AKudaibergeneva@vkgu.kz

Сәуірдің 12-нен 15-не дейін факультет декандары кетсеге сай білім алушылармен, оқытушылармен онлайн-кездесу өткізеді, олардың уақыты сайтта жарияланады.

– Құрметті студенттер! Қалыптасқан жағдайда әр адам өз жауапкершілігін түсінуі тиіс. Енгізілген карантин – каникул емес, қашықтан оқыту форматына ауысу, яғни оқу үрдісі кестеге сәйкес жалғаса бермек, – деді ректор кездесу соңында. Денсаулықтарыңызға мән беріп, қауіпті дерттен сақтанып жүріңіздер! ⠀

Баспасөз қызметі

 

Қазақ
× You found a Typo