С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Төлеген Корея Республикасы Елшілігі жанындағы Білім беру орталығының директоры Нам Хен У-мен және Пусан ұлттық университетінің еріктісі Ким Ми Хянгпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында екіжақты әріптестік мәселесі талқыланды.
ШҚМУ ректоры М. Төлеген университеттің жұмысы туралы, сонымен қатар халықаралық байланыс жөнінде, өлкенің тарихы туралы айтып берді. Келген қонақтарға естелік ретінде Алтай туралы кітап сыйлап, 6 қыркүйек күні С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де өтетін «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырды.
Университет Оңтүстік Кореямен бірлесіп білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру бағыты бойынша жұмыс жасайды.
Өз кезегінде Корея Республикасы Елшілігі жанындағы Білім беру орталығының директоры Нам Хен мырза Оңтүстік Кореядағы білім беру бағдарламасына қызығушылық танытқан оқытушылар мен студенттер де бірлескен бағдарламаларды жүзеге асыруда ат салысады деген үміті бар екенін жасырмады.
Баспасөз қызметі