Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ ректоры Өскемендегі №1 мектепте болды

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры, профессор М. Төлегеннің бастауымен университет ұжымы Өскемендегі №1 Шәкәрім Кұдайбердіұлы атындағы орта мектепте кәсіптік бағдар жұмысымен болды.

Мұхтар Әділбекұлы университетте көптеген білім бағдарламалары бойынша педагогикалық мамандар дайындалатынын, қала, облыс білім мекемемелерімен бірлесе жұмыс атқарылатынын баса айтты.

Сонымен қатар, ректор облыс әкімі 2018 жылы жоғары білім саласы үшін 467 грант бөліп, облыс бойынша 277 IT-сынып ашқанын ерекше атап өтті.  

Мұхтар Әділбекұлы мектеп ұжымына түлектерді ҰБТ-ға дайындау үшін университеттегі «Өсу» орталығымен бірлесе жұмыс істеу қажеттігін айтты. Сонымен қатар, аталған мектепте университет кафедраларының филиалдарын ашып, педагог мамандарды бірлесіп дайындаудың жолдарын атады.

Университетке ҰБТ-дан 130-дан жоғары балл алып түскен 1 курс студенттеріне «Абай» (50 теңге мың теңге) және «С. Аманжолов» (25 мың теңге) атындағы шәкіртақылар тағайындаған. Жаңа оқу жылында университетке жоғары балмен түсетін студентке «Шәкәрім» атындағы шәкіртақы (50 мың теңге) тағайындалмақ.

Жиынға қатысқан университеттің тәрбие жөніндегі проректоры Амангелді Толамисов мектепке жаңадан тағайындалған директор Сайлаубек Әділге табыс тілеп, жастар тәрбиесіне байланысты іс-шараларды бірлесіп өткізуге шақырды. Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Досым Ерболатұлы мектеп мұғалімдерін университетімізге магистратураға, докторантураға түсуге шақырды. Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінің деканы Ә. Өскембай университет маман дайындау бойынша республикада 6-шы орында тұрғанын, жаңадан қосарланған мамандықтар ашылғанын тілге тиек етті. Декан университет жетістіктерін атап, мектеп түлектерін университетімізге түсіп, мықты маман болып шығуға шақырды.

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo