Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ ректоры ППжМФ ұжымымен кездесті

№1 оқу ғимаратында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Әділбекұлы Төлеген Психология, педагогика және мәдениет факультетінің оқытушыларымен кездесті.

Есепті баяндамасында декан Гүлнара Күленова факультет қызметіндегі тәуекелдер туралы айтты, олар – ақылы оқудың құны, мамандықтар бойынша докторантураның жоқтығы, жабдықталған оқу дәрісханалары деңгейінің жоғары еместігі. Дей тұрғанмен, факультет зертханалары жақсы жабдықталған, мұнда контактілі полиграф (өтірік детекторы), электрлі энцефалогроф, «МастерГраф» графикалық редакторы, «Дэльфа» логопедиялық тренажеры, аудиометр, «Қараңғы сенсорлық бөлме», Томатис аппараты, SPSS статистика бағдарламасы және т.б. бар.

Жоспарлар қатарында – халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, ғылыми-зерттеу жобаларын көбейту, оқытушылардың ғылыми жарияланымдарын ұлғайту, дуальдық білімді дамыту, оқытушылардың тілдік дайындығын жоғарылату. Сондай-ақ, облыс мектептерінде кафедралардың филиалдарын ашу.

Жастар жылы аясында да бірқатар іс-шаралар көзделген. Олардың ішінде шаңғы жарысы, құтқарушылар сайысы, «Шығыс жұлдыздары» концерті, «Педагогикалық ассорти», «Педагог-психолог миссиясы» олимпиадалары бар.

Баяндаманы қаперге алған ректор ескертулер мен ұсыныстарын айтып, осы жылға арналған жаңа міндеттерді жүктеді.

Еңбек өтілі мол оқытушы, факультет ардагері, профессор, педагогика ғылымдарының докторы Василий Петрович Русанов ректорға факультетке көрсетіп жүрген жан-жақты қолдауы мен көмегі үшін ұжым атынан алғысын білдірді.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo