Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ ректоры ППжМФ және ТФжХҚФ бірінші курс студенттерімен кездесті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген Педагогика, психология және мәдениет факультетінің, сондай-ақ Тарих, филология және халықаралық қатынас факультетінің студенттерімен жүздесті. 

Іс-шара басында ректор Атырау қаласында өткен таэквандодан Азия чемпионатында жүлделі орын алғандары үшін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1 курс студенттері Мақсат Қаби мен Әйгерім Мұхаметжановқа  20 мың теңгенің және 15 мың теңгенің сертификаттарын табыс етті.

– Университетіміз спортшыларымен мақтанады. Тек осы жылы «Дене шынықтыру және спорт» мамандығына 11 спорт шебері түсті, олардың ішінде ауыр атлетші Ануфриева Лидия, таэквондошы Қаби Мақсат, хоккейші Куценко Екатерина, акробатшы Бухарина Надежда, дзюдошы Котова Анастасия, кикбоксшы Ермеков Серікбол, волейболшы Малахова Елена бар. Спорт шеберлігіне кандидаттар – Тоқтаған Инабат – дзюдо, Нәзіров Аят – гір спорты, Коновалов Сергей – үстел теннисі, Дедюкина Дарья – шаңғы, Бейсимбин Олжас, Бондаренко Антон – фристайл, Советханов Мейіржан – жағажай волейболы, Ауданбек Данияр – армрестлинг, Ефремова Екатерина, Демченко Дарья, Калошина Анастасия, Картаев Рамиз, Қартаев Рүстем  –  облыс және республика құрамаларының мүшелері. Сонымен қатар, хоккейшілер Васильев Данил, Катасонов Тимофей, Бондаренко Конастантин, Ляпунов Никита, Кравченко Владислав, Ивашов Сергей, «Алтай» клубының волейболшылары Әшімханова Айсұлу, Белякова Александра, Ноғамбаева Диана, Ерланұлы Ерзат, Иванов Кирилл, Мергазин Дархан, Плотников Василий биыл ШҚМУ студенттері атанып отыр, – деді ректор.

Жиналғандар алдында белсенді студенттер сөз сөйлеп, өздерінің оқулары мен қызметтері туралы, жалпы университетте ұдайы өтіп тұратын көптеген іс-шаралар туралы мәліметтер берді. ШҚМУ-да түрлі бағыттағы 18 клуб жұмыс істейді.

Кездесу соңында ректор студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Баспасөз қызметі

Фото https://cloud.mail.ru/public/8TTq/XbisCmV6W

Қазақ
× You found a Typo