ШҚМУ ректоры профессорлар – Томск мемлекеттік университетінің (Ресей) биологы Андрей Бабенкомен және Фырат мемлекеттік университетінің (Түркия) Phd докторы Танер Шенгюнмен кездесті.
Кездесуде студенттермен және оқытушылармен алмасу бағдарламасын ары қарай іске асыру, бірлескен ғылыми жобалар әзірлеу мәселелері қаралды.
Ғалымдар өз университеттері мен қызметтері туралы айтып берді.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген жаратылыстану ғылымдарының маңызын, сондай-ақ пәнаралық салада нақты ғылымның даралығын жоғалтып алмау қажеттігін атап көрсетті.
Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті,
Баспасөз қызметі