Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ ректоры «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша оқып жатқан студенттермен кездесті

Университет ректоры Мұхтар Төлеген «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша оқып жатқан 4 курс студенттерімен кездесті.

Бағдарлама мақсаты – еңбек күші көп оңтүстік өңірлер (Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары) жастарын оқыту және маман тапшылығы бар еліміздің шығысында, солтүстігінде және батысында жұмыспен қамту.

Кездесуге «ШҚО техникалық және кәсіби білім беру, маман даярлау орталығы» КММ өкілі Л. Кезікбаева, «Өскемен қаласы еңбекпен қамту орталығы» КММ өкілі Е. Хамзина, Өскемен қаласы ІІБ өкілі К. Өтелбаев, ректорат өкілдері, оқытушылар мен студенттер қатысты.

Басқосуда түлектерді жұмыспен қамту, облыстың білім беру мекемелеріндегі бос орындар, түлектің жолдамадан бас тартуы кезінде оқытуға жұмсалған қаржыны мемлекетке қайтаруы туралы мәселелер талқыланды.

Түлектер А. Батырбай мен Б. Анас студенттер атынан ЖОО басшылығына кездесуді ұйымдастырғандары үшін алғыс айтып, бағдарламаның маңызын атап өтті, жолдама бойынша еңбек етуге әзір екендіктерін жеткізді.

Биыл оқу орнын «Серпін» бойынша оқитын студенттердің алғашқы легі бітіреді.

Ректорат

Қазақ
× You found a Typo