С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Ә.Төлеген «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша оқып жүрген студенттермен кездесті.
ШҚМУ-да оқу орнының ректоры М.Ә. Төлегеннің «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» жобасы аясында «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасы бойынша оқып жүрген 4 курс студенттерімен кездесуі болып өтті.
Ректор өз сөзінде түлектердің осы өңірде жұмыспен қамтылуы қажеттігі турасында айтты.
Кездесуде, сондай-ақ, үшжылдық міндетті еңбек ету үшін мектептерге орналасу мақсатында алдын ала іс-тәжірибеге бару мәселелері талқыланды.
Ректор студенттердің барлық сауалдарына жауап берді.
Жастар алдында оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор А.Б. Мырзағалиева да сөз сөйледі.
Биыл «Серпіннің» алғашқы 134 түлегі ұшырылыған-ды. 2018-2019 оқу жылында осы бағдарлама арқылы білім алып жатқан 172 студент оқуларын аяқтауы тиіс.
Баспасөз қызметі