С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің құрметті қонағы болды.
Іс-шарада Мұхтар Әділбекұлы түлектер алдында сөз сөйлеп, жоғары білім алудың өзектілігі мен қажеттілігі, қашықтықтан оқытудың артықшылығы, түлектерді жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері туралы айтты.
Сондай-ақ, колледж оқушылары алдында университеттің белсенді студенттері өнер көрсетті.
Маркетинг, мансап және жұмысқа орналастыру орталығы