Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ ректоры ТФжХҚФ ұжымымен кездесті

№1 оқу ғимаратында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінің ұжымымен кездесті.

Факультет деканы Әлия Өскемебай өткен жылдың жетістіктері мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.

Өткен жылы бакалавриаттың бірнеше мамандығы ашылды, биыл келесі мамандықтарды ашу жоспарлануда: «Археология және этнология», 6В020300 «Тарих», «Дінтану», «Кітапханалық-ақпараттық қызмет», «Философия», «Мәдениеттану» және магистратурада 7D011400 «Тарих» мамандығы.

Оқытушылар сапалы тұрғыда жаңартылып, біліктіліктері отандық және шетелдік ғылыми орталықтарда ұдайы арттырылып тұрады. Шетелдік ғалымдар келіп дәрістер оқиды.

Факультет «Шығыс Қазақстанның өркениеттік феномені», «Саяси қуғын-сүргін құрбандары (1920-1950 жж.)», «Елдімекендер тарихы», «Тілдік құбылыстарға талдау, аударма аспектілері» сынды бағыттарда ғылыми жобаларды іске асыруда.

«Тарих» мамандығының 4 курс студенті Айдана Қасымова Уәлиев стипендиясын, Камила Алекенева Президент стипендиясын иеленіп отыр. «Тарих» мамандығының студенттері археология және этнология олимпиадасында 2 орын алды (А. Алекенева, К. Нұрғожа, Р. Бабиров, Т. Ынтымақ, К. Данилов), «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығының студенттері Г. Толымханова, К. Алдаберген, Е. Қабидолданова Х республикалық пән олимпиадасында 1 орынды иеленді.

Студенттер А. Әмірғазин, А. Рахымбекова Вроцлав университетінде (Польша),  Н. Бейсенбек Дэгу университетінде (Корея) оқып жатыр.

Факультетте 6 үйірме бар: «Намыс», «Неміс, ағылшын тілдерінің лингвистикалық теориясы», «Ономастика», «Жас журналист», «Сана», «Ертіс толқыны».

Факультетте барлығы 948 студент білім алуда.

Ректор Мұхтар Төлеген ЖОО-ның, оның ішінде аталмыш факультеттің даму келешегі туралы айтты. Оның ішінде Польшаның Лингвистикалық-техникалық университетінде (Свече қаласы) жастарға арналған «Абай» ғылыми-білім беру орталығы ашылатынын жетізді. Сондай-ақ, ол ұжым алдына жаңа міндеттер қойды, олардың бастысы – білім сапасын одан әрі көтере отырып, жаңа оқу жылында талапкерлер санын арттыру.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo