Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ ректоры А. Трунов атындағы фитнес клубтың жұмысымен танысты

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Әділбекұлы Төлеген А.Н. Трунов атындағы фитнес клубтың жаттығушы-студенттерімен кездесті.

Былтыр қыркүйекте Жастар жылы аясында ШҚМУ-да Дене шынықтыру және спорт факультетін 25 жыл басқарған оқу-ағарту ісінің үздігі, шаңғы спортынан бүкілодақтық дәрежедегі төреші А.Н.Трунов атындағы фитнес клуб ректордың бастамасымен ашылған болатын.

Студенттер үйінің маңында орналасқан фитнес клуб студенттерге аптаның жеті күнінде есігін айқара ашуда.

Фитнес клубтың жұмысын қадағалау, жаттығушылардың жағдайын білу мақсатында ректор Мұхтар Әділбекұлы Төлеген клубқа келді.

Жаттығушылармен сұхбат барысында студенттер ректорға өз жаттығулары туралы баяндап, спортпен айналысуға мүмкіндік тудырғаны үшін алғыс айтты.

Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттап жүрген М.Ә.Төлеген студенттерге Президент Қ.-Ж.К. Тоқаевтың бұқаралық спортқа көп көңіл бөліп отырғанын айтып, өзі де бірнеше жаттығу түрлерін көрсетіп, спорттық кеңестерімен бөлісті.

Кездесуде фитнес-жаттықтырушы С. Қойшыманов университет жастарының спортқа қызығушылығы жоғары екенін, ең соңғы үлгімен жабдықталған фитнес клубқа келушілер саны күннен-күнге артып келе жатқанын айтты.

Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер бөлімі

Қазақ
× You found a Typo