Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ ректоры «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» олимпиадасының жеңімпазына грант табыстады

Өлкетану бойынша олимпиаданың жеңімпазы – 11 сынып оқушысы Ж. Жеңісбековаға С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М. Ә. Төлеген университетке оқуға грант тапсырды.

Облыстың барлық аймақтарынан университетімізге 6-11 сынып аралығындағы 260 оқушы өлкетану олимпиадасына 25 команда болып келді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Қазақстан тарихы кафедрасы әлеуметтік әріптесі – «Дарын» РҒТО-мен бірлесіп екінші жыл олимпиада өткізуде.

Олимпиада мақсатыдарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау, оқушыларды өлкетану біліміне баулу, туған өлкенің тарихи-мәдени мұрасын зерттеуге ынталандыру, азаматтықтық, патриотизмді қалыптастыру.

Олимпиада жеңімпазы болып Зайсан ауданы Мұстафина атындағы мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Жансая Жеңісбекова атанды. ШҚМУ ректоры оған университетке оқуға грант табыстады.

Олимпиада қатысушылары жеке және командалық тапсырмаларды орындап, бірнеше турдан өтті. Оқушылар пікірінше, «Ұлы даланың жеті қыры» атты квест қызықты болды. Осы саяхатта балалар он үш бекетке барды, отанымыздың жеті қырынан білімдерін анықтауға бағытталған жетеуі бағаланып,  қалғандары – танымдық болды. Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушылары, магистранттары мен докторанттары оларға қызықты тапсырмалар дайындады.

«Петроглифтер» бекетінде балалар облыс аумағында табылған жартас суреттері туралы білді, үш станция Ақбауыр, Шілікті және Берелге арналды.

«Салт аттылық мәдениеті» бекті қызықты болды, оқушылар көшпенділерлер құралдарын қолдарымен ұстауға мүмкіндік алды, олар үшін облыстық этнографиялық мұражай экспонаттар ұсынды.

Олар қызықты саяхатты виртуалды түрде жалғастырып, этноауылға барды. Бұл «Шығыс Қазақстан халықтары» 3D кітаптары арқасында мүмкін болды, осы бекетте балаларға өлкеміздегі халықтар достығы туралы айтылды. 3D кітабын Қазақстан тарихы кафедра оқытушылары әзірлеген.

«Ұлы даланың ұлы есімдері» бекетінде оқушыларға атақты жерлестеріміз туралы айту ұсынылды.

«Ұлы Отан соғысы жылдарындағы шығысқазақстандықтар» бекетінде Жеңіс мерекесі қарсаңында балалар әскери әндер үнімен, жерлестеріміздің ерліктерін еске алды.

Сонымен қатар, оқушылар Шығыс Қазақстанның бірегей табиғат ескерткіштері – Қиын Керіш, Алаулаған Адыр, Ашутас, Зайсан көлі және Марқакөл көлі туралы қызықты мәліметтермен танысты.

Олимпиада «Жеңіс өлеңдері» және «Салем саған, Туған жер!» акциясымен аяқталды.

Жалпы олимпиадада 125 қатысушы дипломмен марапатталды және 9 команда белгіленді.

Катонқарағай ауданының командасы жеңімпаз атанды.

Ж. Әубәкірова,

Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі

Қазақ
× You found a Typo