Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ ректоры түрлі деңгейдегі байқаулардың жүлдегерлерін марапаттады

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Әділбекұлы Төлеген халықаралық, аймақтық сайыстардың жүлдегерлерін салтанатты түрде марапаттады.

Салтанатты кеште Минск  қаласында өткен «Болашақ медиациясы» III халықаралық студенттік медиация және келіссөздер байқауыннан жүлдемен оралған «Заңтану» мамандығының студенттері марапаталды. Аталған байқау бойынша «Үздік дебют» атанғандар – 3 курс студенті Зекен Тілек, 4 курс студенті Жібек Қапасова диплом және алғыс хаттармен, ғылыми жетекшілері азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Марианна Ивановна Дячук сертификатпен марапатталған. Қазақстаннан қатысқан жоғары оқу орнының шәкірттері білімдерін xалықаралық деңгейде танытып қайтқан.

ШҚО бойынша Ұлттық медиаторлар палатасы С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры М.Ә. Төлегенге «Болашақ медиациясы» байқауы бойынша ШҚМУ командасының үздік дайындығына алғыс білдіріп, мадақтама қағазын ұсынды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен «Атадан мұра құт мекен – Атамекен нұр Зайсан» атты Зайсан ауданы күндеріне арналған «Жайнай бер, жайқала бер, Жайсаң елім» атты аймақтық ақындар айтысына қатысып, 16 айтыскер ақынның ішінен үздік көріне білген «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығың 3 курс студенті Жұлдызай Маратбек І орынды иемденсе, Дүниежүзі қазақтарының «Қасиетті қазақ елі» атты халықаралық өнер фестивалі аясында өткен жыр мүшәйрасына қатысып, тақырыпты терең меңгергені үшін «Таңжарық Жолдыұлы» арнайы жүлдесімен «Журналистика» мамандығың 3 курс студенті Оразай Жеңісұлы марапатқа ие болған.

Халықаралық өнер фестиваліне Иран, Түркия, Франция және тағы басқа шетелдерден қатысқан 30 үміткердің ішіннен топ жарып, іріктелген 11 үміткердің арсыннан табылған. Әрқашан қолдау көрсететін білім ордасына және  кафедра оқытушыларына Жұлдызай Маратбек жылы лебізін өлең шумақтарымен жеткізсе, Оразай Жеңісұлы өлеңін оқып, ыстық ықыласын білдірді.

Кеш соңында университет ректоры талантты, қабілетті жастарға әрқашан қолдау көрсететіндіктерін жеткізді.

Фатима Тілейханқызы,

журналистика мамандығының 1 курс студентті

Фото https://cloud.mail.ru/public/6Q3M/VkrEPd5Y5  

Қазақ
× You found a Typo