Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ ректоры университет ардагері Л. Әубәкірованы 80 жылдығына орай Абай атындағы медальмен марапаттады

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ педагогика кафедрасының профессоры, облыстың құрметті азаматы, жаңашыл ұстаз, аңыз адам Ленста Рақымжанқызы Әубәкірова 80 жасқа толып отыр.

ШҚМУ-да мерейтой иесінің 80 жасы және оқу орнындағы 50 жылдық қызметі салтанатты түрде аталып өтті.

Залға Ленста Рақымжанқызының әріптестері, шәкірттері, достары, жақындары жиналды, естеліктер айтылып, ұстаз туралы фильм көрсетілді.

– Ленста Рақымжанқызы – аңыз адам, ол кісінің есімі университет шежіресіне алтын әріптермен жазылған. Біз Сіздің қажыр-қайратыңызға, белсенді өмірлік ұстанымыңызға қайран қаламыз, Сізді ерекше қадір тұтып, жақсы көреміз! – деген С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген ардагерді Абай атындағы медальмен марапаттады.

ШҚМУ ардагерлер кеңесінің көп жылдан бергі төрайымы болып табылатын Л. Әубәкіроваға облыстық ардагерлер кеңесі атынан грамота табысталды.

– Ленста Рақымжанқызы – нағыз Педагог, – деді СД және ҒЖ жөніндегі проректор И.В. Ровнякова. – Ол кісі шәкірттеріне өзінің сүйіспеншілігін аямайды, әрдайым оларды ізгілікке баулып жүреді…

Ленста Әубәкірова – өңірдегі көптеген игі істердің бастамашысы. Ол алғашқы аула клубтарын, еңбек жасақтарын, қиың балаларға арналған лагерьді, балалар хоккей командаларын, «Алтын шайба» қалалық сайыстарын ұйымдастырды.

Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, профессор, «Қазақстан Республикасы білім саласының құрметті еңбеккері» Л.Р. Әубәкірова 1962 жылы Өскемен пединститутын математика және физика мұғалімі мамандығы бойынша аяқтады, оқытушылық қызметтің барлық баспалдағынан өтті.

– Бұл өмірде ең бастысы – өзіңді және өзгелерді құрметтеп үйрену, сонымен қатар білім мен еңбекті бағалай білу. Өмірден өз жолыңды табу маңызды, – дейді жастарға Ленста апайымыз.

Көптеген жылы сөздерге, құттықтауларға толы шынайы әрі риясыз кеш әсем әнмен аяқталды.

Фото https://cloud.mail.ru/public/Kfng/HEFFxP34q/5-%20%D0%9C%D0%B0%D0%B9/27.05.19%20-80%D0%BB%D0%B5%D1%82%20%D0%9B%D0%B5%D0%BD%D1%81%D1%82%D0%B0%20%D0%A0%D0%B0%D1%85%D0%B8%D0%BC%D0%B6%D0%B0%D0%BD%D0%BE%D0%B2%D0%BD%D0%B0/

Баспасөз қызмет

Қазақ
× You found a Typo