Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ ректоры университет ардагерлерімен кездесті

№1 оқу ғимаратының конференц-залында университет ректоры Мұхтар Әділбекұлы Төлегеннің ШҚМУ/ӨПИ ардагерлерімен алғашқы кездесуі болып өтті.

Естеріңізге сала кетсек, 30 қаңтарда білім және ғылым вице-министрі А. Аймағамбетов университет ұжымына 29 қаңтарда министр тағайындаған ШҚМУ-дың жаңа ректоры М. Төлегенді таныстырған болатын.

Бүгінгі өткен кездесуді кәсіподақ комитетінің төрайымы Н. Аяғанова ұйымдастырды.

Сөз алған ардагерлер арасында Ф.Р. Ахметжанова, Л.Р. Әубәкірова, И.А. Полторанин, С.Қ. Оразалин, В.А. Снегирев және басқалар болды.

Олар кадрлық саясат тақырыбын қозғап, зейнеткерлікке шыққан ғалымдардың тәжірибесіне мән беру, ұрпақтар сабақтастығын сақтау, қағазбастылықтан арылу, материалдық-техникалық базаны нығайту, студенттер санын ұлғайту, қызметкерлердің Сібе көлдеріндегі жазғы демалысын ұйымдастыру сынды бірқатар мәселелерді алға тартты.

Сонымен қатар, ЖОО ардагерлері Ғылыми кеңес құрамын қайта қарап, оған университеттің озық ғалымдарын енгізуді, Панкратьев бағының, сондай-ақ орыс тілі мен әдебиеті сынды сұранысқа ие кафедралардың даңқын қайта асқақтатуды ұсынды.

Ардагерлер жаңа ректорға алғашқы кездесуін өздерінен бастағанына ризалықтарын білдіріп, өз тәжірибелерімен және ақыл-кеңестерімен бөлісуге әрдайым әзір екендіктерін жеткізді.

Кездесуде Мұхтар Әділбекұлы барлық сұрақтарға жауап беріп, мұндай жүздесулердің жалғасатынын, ал сөз болған мәселелер шешімін табатынын атап көрсетті.

– Барлықтарыңзды мұқият тыңдап шықтым. Енді айтылған мәселелерді жан-жақты зерделеп, түпкілікті шешім қабылдайтын боламыз, – деді ол. – Келесі кездескенше аман-сау болыңыздар!

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo