Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

ШҚМУ ректоры университеттің студент жастарымен кездесу өткізді

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген барлық факультеттер студенттерімен кездесіп, ЖОО-да Жастар жылында іске асырылатын жаңа жобалар туралы айтты, студенттер ұсыныстарын тыңдап, сұрақтарына жауап берді. 

Студенттер университетте «Елімнің өнерқұмар жастары» студенттік театрлар республикалық фестивалін өткізуді ұсынды. Ұсынысты «Авангард» театр-студиясының авторы, жетекшісі, журналистика мамандығының 3 курс студенті Никита Дерябин мен «Шабыт» студенттер театрының жетекшісі Ертай Хасенов айтты. Бұл идея ШҚМУ-дың 2019 жылға арналған «ҰЛТТЫ БАСТАР – РУХТЫ ЖАСТАР» жобасында (жетекшісі – тәрбие ісі жөніндегі проректор А.Ғ. Толамисов) көрініс тапқан. 

– Жастар жылы жастардың шығармашылығын дамытуға мүмкіндік береді. «Авангард» қорында Григорий Гориннің «Чума на оба ваши дома» және Кен Людвигтің «Примадонны» спектакльдері бар. Наурызда ЖОО тарихында тұңғыш рет мюзикл қоймақшымыз, – деді Никита Дерябин.

– Оқу орнында білім алумен қатар, үйірме, секция, клубтарға барып, өмірлік тәжірибе жинап, түрлі іскерліктер мен дағдыларды меңгеріп жатқандарын қуантады. Адам 17-18 жасынан белсенді болуы тиіс, сонда оқуда, жұмыста, табысқа жетуде оңай болады. Елбасымыз жастар бәсекеге қабілетті, бейімделгіш болуы керек деп ерекше айтты. Жастардың басты қажеттіліктерін қанағаттандыру қажет, олар – сапалы білім, лайықты жұмыс орны, баспана, отбасын құру мүмкіндігі, – деп атап көрсетті ректор.

Мұхтар Төлегеннің айтуынша, Жастар жылында ШҚМУ облыс әкімдігінің қолдауымен Польшаның Свече қаласында орналасқан Лингвистикалық-техникалық университетте Абай жастардың ғылыми-білім беру орталығын ашпақ.

Орталық мақсаты қазақ мәдениетін, Абай шығармашылығын поляк жастарына үйрету, шетелдегі қандастарды қолдау, мәдени, ғылыми және білім беру саласындағы байланыстарды дамыту болып табылады. Өз кезегінде Польша тарабы ШҚМУ-да Коперник ғылыми-білім беру орталығын ашады.

Ректор дарынды жастарды қолдау мақсатында оқу орнында Абай және Сәрсен Аманжолов атындағы шәкіртақылар, түрлі аталымдар мен сертификаттар бекітілгенін атап көрсетті.

Сондай-ақ, әлеуметтік қолдау аясында студенттік кәсіподақ арқылы материалдық көмек (жәрдемақы), университет тарапынан тегін ұсынылатын қызметтер (медициналық қамту, интернетке қолжетімділік, кітапхана қорын, оқу залын, зертханаларды қолдану, үйірмелер мен клубтарға, спорттық секцияларға қатысу, спорт залдарын пайдалану) көрсетіледі.

– Биыл Жастар жылы аясында, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Student» студенттік фитнес-орталығын ашамыз, – деді ректор осы ретте.

Студенттер үздік әртіс, ақын, спортшы, музыкант сынды қосымша аталымдар тағайындау, түрлі дайындықтарға ыңғайлы әрі кең зал бөлу, тұрмыстық жағдайларды жақсарту сияқты ұсыныстар айтты.

«ҰЛТТЫ БАСТАР – РУХТЫ ЖАСТАР» жобасының «Жол картасы» іс-шаралары бойынша биыл ШҚМУ-да «Co-working» орталығы, ЖҒжТФ-де жас техниктер мектебі, «Шығыс шынарлары» әдеби орталығы ашылады

Өзге жоспарлар ішінде «Мен кәсіпқоймын» республикалық байқауын, «Ұлттар достастығы – берекелі болашақтың кепілі» әлем халықтары мәдениетінің фестивалін, студенттік көшбасшылар үшін жазғы тілдік мектепті, «Ұлтты бастар – рухты жастар» форумын, ел ЖОО-лары арасында «Парасат» республикалық зияткерлік ойынын ұйымдастыру бар.

Мұнымен қоса, студенттер әдеби туындыларының «Ақ қайнар» және «Мөлдір бұлақ» жинақтарын, «Жастар рухани жаңғыру жолында: ШҚМУ-дың үздік студенттері» кітабын шығару сынды батыл жобалар да көзделуде.

Суреттерге сілтеме https://cloud.mail.ru/public/3ipF/hMmzGhKnj

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo